19 March 2021

Турнир тарихы 1992 жылдан басталады, ол кезде Польшада алғаш рет мүгедектердің футбол лигасы ойындары өткен болатын. Торунь таңғыш материалдар зауыты (TZMO SA) демеуші ретінде қатысты, ал ойынның өзі жергілікті сипатта болды.

TZMO қызметінің Еуропада кеңеюіне қарай, 2000 ж. осы іс-шараны ұйымдастыруға белсенді түрде қатысу және оны әрі қарай дамыту туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда SENI Cup турнирлері Польшада, Ресейде, Украинада, Белоруссияда, Германияда, Венгрияда, Чехияда, Словакияда, Балтия елдерінде өтеді.

SENI Cup турнирлері психоневрологиялық интернаттардың тәрбиеленушілері арасында өтеді.

SENI Cup турнирлерін өткізудегі міндеттердің бірі өзара құрмет принциптеріне сүйене отырып, қоғам мен ақыл-ой дамуында ауытқуы адамдарды біріктіру болып табылады.

Турнирге қатысу және футбол алаңында жеткен жеңістер тек дене дамуына ғана әсер етіп қоймай, қатысушылардың өз күшіне деген сенімін нығайта отырып, өз-өзін бағалауды арттырады

Бұл сондай-ақ күнделікті күйбең тірліктен босау, бұл турнир қатысушыларына осындай ауруға ұшырағандардың арасынан олардың мәселесін бәрінен жақсы түсіне алатын достар табуға
мүмкіндік береді.

Алғаш рет, Қазақстанда, SENI Cup мини-футбол бойынша турнирі 2017 жылдың 10-11 қазанында Алматы қаласында өткізілді.
Турнирге психоневрологиялық аурулары бар қатысушылардан тұратын 12 команда қатысты.

Турнирде жеңіске жеткен команда, осындай турнир өткізу тарихында алғаш рет
2018 жылы SENI CUP халықаралық футбол турнирінде Қазақстан Республикасының атынан шықты

SENI Cup мини-футбол бойынша турнирі

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ішінен мини-футбол бойынша II-ші республикалық халықаралық лига турнирінің жеңімпаздары Торунь қ. SENI CUP халықаралық турнир финалына қатысу үшін Польшаға қарай жол тартты.

SENI CUP 2020 АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ТУРНИРІ 23.09.2020-30.10.2020 аралығында өтті.

SENI CUP 2020 АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ТУРНИРІ Facebook және Instagram желілерін платформаларнда онлайн режимде өтті.

Seni Cup 2020 Алғашқы Онлайн Турниріне Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 9 команда қатысты:

  1. 1. Талғар қ., «Ақниет» командасы, Ерлер құрамасы, «Ақниет» Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  2. 2. Талғар қ., «Ақниет» командасы, Әйелдер құрамасы, «Ақниет» Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  3. 3. Есік қ., «Аманат» командасы, «Аманат» Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  4. 4. Алматы қ., «Демеу» командасы, «Демеу» Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  5. 5. Қарағанды қ., «Арлан» командасы, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  6. 6. Қызылорда қ., «Орда» командасы, Қызылорда қаласының №2 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  7. 7. Алматы қ., «Сенім» командасы, «Сенім» Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  8. 8. Алматы қ., «Жастар» командасы, «Қазақстандық Арнайы Олимпиада» ҚБ Алматы қ. филиалы
  9. 9. Алматы қ., «СКШИ 7» командасы, «Қазақстандық Арнайы Олимпиада» ҚБ Алматы қ. филиалы

Турнир бірнеше турда өтеді:

  • • «Сәлемдесу»
  • • «Жонглер жасау»
  • • «Дриблинг»
  • • «Үздік бомбардир»
  • • «Ұран/айқайлау»

Бір турдың ұзақтығы 7 күнді құрады Апта сайын командалар Seni ресми әлеуметтік парақшаларында (Facebook және Instagram @seniclubkz) тапсырма алды, олар осы тапсырманы бір аптаның ішінде орындап, өзінің парақшасына Seni парақшасын белгілеп салу керек болды. Әрі қарай орындалған тапсырма ресми әлеуметтік парақшаларда тарихқа салынды, соған қарай ол орындалды деп саналды.

Seni әлеуметтік желілеріндегі ресми қатынастан бөлек, турнир бойынша барлық мәселелерді нақтылау үшін What’s Up платформасында топ құрылды, онда қатысушы командалардың барлық тренерлері қосылды. Бұл топта Seni командасы тур туралы қосымша әңгімелер айтты, сондай-ақ тренерлер бір-бірін қолдады.

Вход для клиентов