Көтерме сатып алушылар үшін тапсырыстар сайтында тіркеліңіз!

Толығырақ!
x
8 Қараша 2021

2021 жылғы 2-3 қарашада Алматы қаласы Орталық стадионының манежінде психоневрологиялық интернат үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан Seni Cup 2021 чемпионаты өткізілді.

Чемпионаттың ашылу салтанатына “Nur Otan” партиясының Алматы қалалық филиалының, Алматы қаласының футбол федерациясының, “Алматы қаласының қазақстандық арнайы Олимпиада” қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері қатысты.

Seni Cup чемпионатына Қазақстанның түрлі қалаларынан 9 команда қатысты.

seni cup 2021 все команды

Seni Cup 2021 чемпионатының қорытындысы:

А тобы

  • 1 орын – “Жастар” командасы, №7 интернат, Алматы қаласы
  • 2 орын – “Алма” командасы, “Демеу” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Алматы қаласы
  • 3 орын – “Ақниет 1” командасы, Талғар қаласы

B тобы

  • 1 орын – “Болашақ” командасы, №7 интернат, Алматы қаласы
  • 2 орын – “Ақниет 2” командасы, Талғар қаласы
  • 3 орын – “Ақжайық”, Есік қаласы

Жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушылар қатысқаны үшін медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

А тобында 1 орын алған “Жастар” командасы Польшадағы Seni Cup республикалық чемпионатына қатысу үшін бас жүлдеге ие болды.

seni cup

Seni Cup 2021 турнирін ұйымдастыруға қатысқан және қолдау көрсеткен үшін алғысымызды білдіреміз:

  1. Алматы қаласының орталық стадионы
  2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Алматы спорт клубы
  3. Қазақстандық арнайы Олимпиада қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы
  4. “Құлбаева Н.Ж.”ЖК

Seni Cup туралы БАҚ

Клиентерге кіру