Көтерме сатып алушылар үшін тапсырыстар сайтында тіркеліңіз!

Толығырақ!
x
29 Наурыз 2021

Oasis Group Distribution компаниясы карантин кезінде Алматы қаласының мұқтаж тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайырымдылық акциясы барысында Компания Қалалық паллиативтік көмек көрсету орталығының пациенттері үшін жөргек түріндегі гигиеналық құралдарды және ауыр науқастардың терісіне күтім жасауға арналған косметикалық құралдарды тапсырды, себебі бұл пациенттер ерекше қарауды қажет етеді.

Осындай көмекпен қарттарға арналған «Радонеж» әлеуметтік үйінің қамқорлығындағылар да қамтамасыз етілді. Біз әрдайым аға буындағы адамдарға ілтипат көрсетуіміз керек. Қадірлі жастағы өкілдерді құрмет тұтып, қамқор болуымыз керек. Себебі олар жастарға отансүйгіштік үлгісін көрсетеді.

Клиентерге кіру