Seni Lady — бұл ыңғайлылықты, жайлылықты бағалайтын және белсенді өмір сүретін әйелдерге арналған урологиялық төсемелер. Зәр ұстай алмаудың жеңіл дәрежесінде ұсынылады.
Негізгі қасиеттері:
- төсеменің анатомиялық пішіні теріге жақсы жабысуды және киім ішінде білінбеуді қамтамасыз етеді
- материал ұстағанға жағымды, бұл пайдалануда қосымша жайлылық береді
- «дем алатын» (бу өткізетін) сыртқы қабаты терінің тітіркену және баздану қаупін азайтады
- супер абсорбент бар сіңіргіш қабаты жағымсыз иісті бейтараптандырады
- тез әрі біртекті сіңіруді EDS тарату қабаты қамтамасыз етеді
- гидрофобты ішкі бүйір ернеуі ағып кетуден қосымша қорғайды
- төсеме элементтерінде латекстің болмауы латекске аллергиялық реакция қаупін азайтады
- жалпақ желімді жолағының есебінен іш киімге жақсы жабысады
Seni Man — бұл белсенді өмір сүретін, жайлылық пен қауіпсіздікті бағалайтын ерлерге арналған урологиялық астарлар. Зәр ұстай алмаудың жеңіл дәрежесінде ұсынылады.
Негізгі қасиеттері:
- астар анатомиялық пішінінің арқасында теріге жақсы жабысады және теріде білінбейді
- материал жұмсақ, сусылдамайды
- “дем алатын” сыртқы қабаты терінің тітіркену және баздану қаупін азайтады
- суперабсорбенті бар сіңіргіш қабаты жағымсыз иісті бейтараптандырады
- тез әрі біртекті сіңіруді EDS тарату қабаты қамтамасыз етеді
- гидрофобты ішкі бүйір ернеуі ағып кетуден қосымша қорғайды
- жолақ жалпақ желімді болуының арқасында іш киімге жақсы жабысады
Ересектерге арналған классикалық «дем алатын» жөргектер – зәр ұстай алмаудың орташа және ауыр дәрежесінде жақсы және сенімді қорғайды. Қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ұсынылған.
Негізгі қасиеттері:
- «дем алатын» (бу өткізетін) сыртқы қабаты терінің тітіркену және баздану қаупін азайтады
- алдыңғы және артқы беліндегі созылмалы резеңке денеге қатты жабысып тұруды және бел жағында аз басуды қамтамасыз етеді
- денге барынша тиімді бекітуге арналған көп реттік созылмалы қос жабысқақ түйме жөргектің сыртқы қабатының жыртылу қаупінсіз, кез келген жерде бірнеше рет бекітіп, алуға мүмкіндік береді.
- супер абсорбент бар қос сіңіргіш қабаты жоғары сіңіргіштікті және жағымсыз иісті бейтараптандыруды қамтамасыз етеді
- тез әрі біртекті сіңіруді EDS тарату қабаты қамтамасыз етеді
- гидрофобты ішкі бүйір ернеуі ағып кетуден қосымша қорғайды
- ылғалға қанығу индикаторы толу дәрежесі және бұйымды ауыстыру қажеттілігі туралы білдіреді
Seni Active іш киімдері — белсенді өмір сүретін адамдар үшін, сондай-ақ қимылдық оңалту сабақтарының қатысушылары үшін оңтайлы шешім.
Негізгі қасиеттері:
- кәдімгі іш киім сияқты киіліп, шешіледі
- анатомиялық пішіні, жалпақ созылмалы белбеуі және сан айналасындағы созылмалы манжета арқасында денеге жақсы жабысып тұрады
- іш киімді ауыстыру ыңғайлы әрі тез, жай ғана бүйір тігістерін үзу керек
- гидрофобты ішкі бүйір ернеуі ағып кетуден қосымша қорғайды
- жоғарғы сіңіргітік және жағымсыз иісті бейтараптандыру — супер абсорбент бар қос сіңіргіш қабат
- ылғалға қанығу индикаторы толу дәрежесі және бұйымды ауыстыру қажеттілігі туралы білдіреді
- «FRONT» жазуы – іш киімнің алдыңғы жағының белгісі
Seni soft сіңіргіш гигиеналық жаялығы жөргекті ауыстыру және гигиеналық процедуралар жүргізу кезінде қосымша қорғаныс ретінде қолданылады.
Негізгі қасиеттері:
- сіңіргіш ішкі қабаты сабалған целлюлозадан жасалған
- беймата материалдан жасалған жұмсақ беті ұстағанға жағымды және пайдалану кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді
- сырғып кетуге қарсы үлдірден жасалған сыртқы оқшаулағыш қабаты ағып кетуден және жаялықтың матраста жылжып кетуінен қорғайды
- жаялықтың түрілген шеттері ағып кетуден қосымша қорғайды
- seni soft жаялықтың жылжып кетуінен қосымша қорғайтын, матрас астына бекітуге арналған «бүйір» шеттері бар жаялықтар да қолжетімді
- ТМ seni жаялықтар желісінде ең үлкен сіңіргіштікке ие
- жөргекті ауыстыру және гигиеналық процедуралар жүргізу кезінде төсек-орын жабдығын қорғауға қолайлы.
Seni Soft сіңіргіш жаялықтары жаялықты ауыстыру және гигиеналық процедуралар жүргізу кезінде қосымша қорғаныс ретінде қолданылады.
Негізгі қасиеттері:
- сіңіргіш ішкі қабаты сабалған целлюлозадан жасалған
- беймата материалдан жасалған жұмсақ беті ұстағанға жағымды және пайдалану кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді
- сырғып кетуге қарсы үлдірден жасалған сыртқы оқшаулағыш қабаты ағып кетуден және жаялықтың матраста жылжып кетуінен қорғайды
- жөргекті ауыстыру және гигиеналық процедуралар жүргізу кезінде төсек-орын жабдығын қорғауға қолайлы.
Біздің бүкіл денеміз дұрыс күтім жасауға және қорғауға мұқтаж. Теріге күтім жасауға арналған Seni care өнімдерінің кең спектрі теріні жұмсақ тазартады, оны қалпына келтіреді және зиянды факторлардан тиімді қорғайды. Заманауи технологиялары мен арнайы таңдалған белсенді компоненттерінің арқасында seni care косметикалық құралдары терінің гидролипидті қабатын қорғай отырып, өте нәзік әрі тиімді әсер етеді. Seni care косметикасында табиғи компоненттер қолданылады, сондықтан ол тіпті өте сезімтал теріге де жарайды. Seni care барлық құралдары теріге қолайлы pH деңгейіне ие. Seni care құралдары терінің қорғаныс қабатын нығайтады, соның арқасында терінің тітіркенуге сезімталдығы азаяды.
Seni care косметикалық желісі үш ретті процедуралармен (желілер) сезімтал теріге кешенді күтем жасауды қамтиды:
Нәзік тазарту
- бұл санаттағы жуғыш құралдар сумен жуып кетіруді талап ететін және сумен жууды талап етпейтін
- құрамында сабын жоқ, бұл тері тітіркенуінің пайда болу қаупін азайтады
- көп функционалды, бұл теріге күтім жасау үшін қолданылатын құралдар санын шектеуге және тері тітіркенуінің пайда болу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қалпына келтіру және белсендіру
- берілген санаттағы seni care құралдары эпидермистің қалпына келуін күшейтеді, қоректендіреді, терідегі қан микроайналымын жақсартады, сезімтал теріні ылғалдандырады және күнделікті қорғанысын қамтамасыз етеді.
Тиімді қорғау
- бұл санаттағы құралдар қабыну процестерінің дамуын, базынау мен ойылуды болдырмайды.
СІЗДІҢ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА?