2023 жылдың 12 қаңтарында “Qoldau” консультациялық орталығында “Ауыр науқастарға күтім жасау” атты кезекті семинар өткізілді, оған өз туыстарына күтім жасау мәселелерімен бетпе-бет келген адамдар және жалғызбасты мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде қызмет көрсететін мамандар қатысты. Семинарда жатып жатқан науқастар мен зәр ұстамайтын адамдарға күтім жасаудың әртүрлі аспектілерін қарастыратын мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, гигиеналық рәсімдерді, төсек орын, іш киімдерді, жөргектерді ауыстыру бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Қатысушылар жатып жатқан науқастардың дұрыс қозғалу техникасы бойынша оқытылды және, оларға қысым жарасының алдын алу мақсатында дұрыс тері күтімі бойынша ұсыныстар берілді.